Ақтөбе облысында ірі көлемде бұршақ жауды
Ақтөбе облысы тұрғындары соңғы екі күнде табиғаттың тосын мінезіне куә болды. Кеше өңірде алапат дауыл соқса, бүгін кейбір аудандарда бұршақ жауып, тұрғындарды тағы да әбігерге салды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда көшелерді үлкен көлемдегі бұршақтың жауғаны байқалады. Ауа райының күрт құбылуы тұрғындардың күнделікті тіршілігіне әсер етіп, көлік қозғалысына қиындық туғызған.
Айта кетейік, 21 маусым күні Ақтөбе қаласында қатты дауыл болып, екпінді желдің салдарынан тұрғын үйлердің шатырлары ұшқан. Сондай-ақ көптеген ағаштар сынып, электр желілеріне зақым келгендіктен бірқатар ауданда жарық сөніп қалған.
Қолайсыз ауа райы көлік қозғалысына да кедергі келтіріп, көшелерде кептеліс туғызды. Нөсер жаңбырдан кейін кейбір аумақтарды су басып, тұрғындар қиындыққа тап болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0