Ақтөбеде 37 жастығы әйел тісін емдетіп, бала сүю мүмкіндігінен айырылды
Гүлжанат Құлмұрзина ЭКО арқылы балалы болуды жоспарлап, жекеменшік клиникаға барған.
Ақтөбеде тісін емдеткен 37 жастағы әйел бірнеше тісінен айырылып, жүйкесі зақымданған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Гүлжанат Құлмұрзина ЭКО арқылы балалы болуды жоспарлап, жекеменшік клиникаға барған. Алайда тісін емдеу және жұлу кезінде химиялық күйік алып, ауруханаға түскен. Қазір беті қисайып, бірнеше отаға дайындалып жатыр.
Тексеру барысында стоматологиялық көмекті орта медициналық білімі бар маман көрсеткені анықталған. Комиссия оған айыппұл салып, клиника басшылығына маманды жұмыстан шеттету туралы нұсқама берген.
Әйел клиниканы сотқа бергенімен, оның айтуынша, жауаптылар кешірім де сұрамаған. Гүлжанаттың сөзінше, денсаулығына байланысты балалы бола алмайды.