Ақтөбеде әкесінің көлігін мініп кеткен 13 жастағы бозбала қаза тапты

Қазан 30, 2025 - 17:27
chat_bubble  0 visibility  18
Ақтөбеде әкесінің көлігін мініп кеткен 13 жастағы бозбала қаза тапты
Фото: avtoshkola177.ru

Ақтөбе облысында тағы бір оқушы көлік апатынан қаза тапты. 13 жасар жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп кетіп, апатқа ұшыраған, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, жол апаты осыдан үш күн бұрын, 27 қазанда тіркелген екен.

"13 жастағы жасөспірім әкесінің автокөлігін рұқсатсыз алып, елді мекен аумағында келе жатқанда көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі кюветке аударылып кеткен. БЛала жарақат алып, ауруханаға түскен. Алайда, дәрігерлер бар амалды жасаса да ажалдан арашалай алмады", - деп хабарлайды полиция.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0