Ақтөбеде балабақша қызметкері ұйықтап жатқан баланың бетін тырнаған
Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Айшуақ ауылында балабақша қызметкері ұйықтап жатқан баланың бетін тырнап алған, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға 29 қыркүйекте «Айгөлек» балабақшасында болған. Баланың анасы Алинұр Шонанова бүлдіршінінің бетіндегі жараны байқап, бейнежазбаны тексерген. Анасы екі жасқа толмаған баласының бетінде тырнақ іздері қалғанын айтып, қызметкерді заң аясында жауапқа тартуды талап етті.
«Балабақшаның бұрынғы меңгерушісі мен қызметкері арасында сот процесі болып жатыр. Тәрбиешінің көмекшісі сол меңгерушінің туған сіңлісі. Ол тәрбиешінің аяғынан шалу мақсатында осылай жасаған деп ойлаймын. Екі ортада менің балам зардап шекті. Бетінде тырнақ іздері қалып қойды. Бұл адамдар қоғамға өте қауіпті. Сол үшін заң органдары тиісті шарасын қабылдауы керек»,– деді ол.
Сондай-ақ ол кешірім бермейтінін мәлімдеді. Ақтөбе облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиғаға қатысы бар қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілген. Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0