Ақтөбеде мектеп маңынан мәйіт табылды (ФОТО)

Наурыз 12, 2026 - 16:41
app_badging Наурыз 12, 2026 - 16:50
chat_bubble  0 visibility  52
Ақтөбеде мектеп маңынан мәйіт табылды (ФОТО)
Фото: әлеуметтік желі

Ақтөбе қаласында мектеп аумағына жақын жердегі қоқыс жәшігінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға Сәтпаев көшесі маңында болған. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, мәйіт №38 мектептің жанынан табылған.

Аталған деректі Ақтөбе облыстық полиция департаменті растады. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Мәйіттің табылу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, кейбір дереккөздердің мәліметінше, аталған қылмысқа күдікті адам әзірге ұсталған жоқ, оны құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр. Алдын ала мәліметтерде өңірде тағы бір ұқсас оқиға болуы мүмкін екені айтылуда. Хобда ауданында екінші мәйіттің табылғаны жөнінде ақпарат тарағанымен, бұл жайтты құқық қорғау органдары ресми түрде әлі растаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0