Ақтөбеде жүк көлігі мен пойыз тепловозы соқтығысты
Оқиға Қарабұтақ — Қостанай тасжолы аумағында болды. Теміржол өткеніндегі жол-көлік оқиғасынан соң жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қазіргі кезде Қарабұтақ — Қостанай жолында қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.
— Теміржол өткелінде жүк автокөлігі мен жүк пойызының тепловозы соқтығысып, жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алды. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Өзге зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға байланысты аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Қазіргі уақытта құзырлы қызметтер жолдың жүру бөлігін босатып, көлік қозғалысын қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Полиция жүргізушілерге теміржол өткелдерінде бағдаршам сигналдары мен шлагбаум талаптарын қатаң сақтауды ескертеді, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0