«Әл-Фараби» олимпиадасының үздіктері анықталды

Наурыз 29, 2026 - 17:56
chat_bubble  0 visibility  5
«Әл-Фараби» олимпиадасының үздіктері анықталды
Фото: farabi.university

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби – 2026» халықаралық олимпиадасы қорытындыланды. Білім бәйгесіне Қазақстан мен ТМД елдерінің, сондай-ақ алыс-жақын шет мемлекеттердің жалпы білім беретін мектептерінен 11-сынып оқушылары қатысты, деп жазады Sadaq.kz.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен жүзеге асырылған жоба дарынды жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған.

Олимпиадаға қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы екі тур университет платформасында прокторинг жүйесін қолдану арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды, бұл іріктеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етті.

Қорытынды кезеңге алдыңғы турда ең жоғары балл  жинаған қатысушылар жіберілді. Қазақстандық оқушылар үшін финал ҚазҰУ кампусында офлайн форматта өтсе, шетелдік қатысушылар үшін онлайн форматта ұйымдастырылды.

Сынақ бағдарламасы жаратылыстану мен математикадан бастап, гуманитарлық пәндер мен тілдерге дейінгі кең ауқымды қамтыды. Қорытынды кезең тапсырмаларына теориялық есептер, эссе жазу және қатысушылардан логикалық ойлау мен ғылыми терминологияны меңгеруді талап ететін күрделі жағдаяттық тапсырмаларды шешу кірді.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталып, сондай-ақ бірқатар жеңілдіктерге ие болды. Жеңімпаздар үшін ҚазҰУ-да оқу ақысына жеңілдіктер берілді. Ал шетелдік талапкерлер Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнына емтихансыз түсу мүмкіндігіне ие болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0