Алатау қаласының тұрғындары криптовалютамен төлем жасай алады

Бұл туралы бүгін Жолдауында президент мәлімдеді

Қыркүйек 8, 2025 - 11:53
Қыркүйек 8, 2025 - 11:55
Алатау қаласының тұрғындары криптовалютамен төлем жасай алады
Фото: istockphoto.com

Бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев он күн ішінде Алатау қаласына ерекше мәртебе беретін қаулының жобасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Ал тағы жарты жыл ішінде қаланы басқаруға қатысты жаңа заң дайындалу керек.  Қала сол өңірдегі бірінші толыққанды цифрлы қалаға айналмақ.

«Он күн ішінде қалаға ерекше мәртебе беру туралы қаулының жобасын әзірлеу керек. Қала тікелей Үкіметке бағынады. Содан кейін, жарты жыл ішінде заң әзірлеп, қаланы басқару реджимін, қаржы моделін айқындау керек», - деді Тоқаев.

Бұл ретте президент қалаға ерекше мәртебе беру оның өзгеден артық көру емес, қажетті шара екенін атап өтті.  

«Алатау-сити – өңірдің бірінші толыққанды цифрлы қаласына айналу керек. Қалада смарт-басқарудан бастап, қызмет пен тауарларды криптовалютамен төлейтіндей жағдай жасалу керек», - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow