Александр Винокуровтың киімі Халықаралық Олимпиада мұражайына сыйға тартылды

Шілде 7, 2026 - 16:34
chat_bubble  0 visibility  2
Александр Винокуровтың киімі Халықаралық Олимпиада мұражайына сыйға тартылды
Фото: ҚазАқпарат

Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың спорттық киімі алғаш рет Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада мұражайының коллекциясына қосылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Александр Винокуровтың формасы Олимпиада ойындарының тарихы мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылардың жетістіктеріне арналған жәдігерлер сақталған музейдің тұрақты коллекциясының бір бөлігіне айналады.

Іс-шара Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы ұйымдастырған «Көпірлер салу: инновациялар мен шығармашылық — болашақ қоғамның қозғаушы күші» тақырыбындағы бейресми министрлік саяси диалогы аясында өтті. Қатысушылар спорттың, инновациялардың, шығармашылықтың және халықаралық ынтымақтастықтың елдер арасындағы байланысты нығайтудағы, адам әлеуетін ашудағы және болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудағы рөлін талқылады.

Іс-шарада Қазақстан атынан Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев, сондай-ақ олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысты.

Олимпиада чемпионы спорт адамның мүмкіндігінің шегінен асуға үйрететінін, ал жеңіс ешқашан бір адамның еңбегінің нәтижесі болмайтынын айтты. Оның сөзінше, әрбір жетістіктің артында команда, білім, технология, еңбек және сенім тұрады. Сондай-ақ ол Қазақстанның адам әлеуетін, білім мен инновацияны дамытуға басымдық беріп отырғанын атап өтті.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігінің мәліметінше, олимпиада чемпионының спорттық формасының Халықаралық Олимпиада музейінің коллекциясына енгізілуі отандық спорт үшін маңызды оқиға болды. Өкілдік бұл қадам қазақстандық спортшылардың жетістіктері мен олардың әлемдік олимпиадалық қозғалыс тарихына қосқан үлесінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсететінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0