«Алименттен қашып жүргендер ойлансын»: Туған әкесінен бас тартқан қыздардың әрекеті талқыға түсті (ВИДЕО)

«Астарлы ақиқат» Тараз қаласындағы қарттар үйін паналап жүрген Тұрғынбек Шалбаев туралы сюжет дайындады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Тұрғынбек атаның айтуынша, екінші әйелінен екі қызы бар. Бүгінде қария сол перзенттерін көргісі келеді. Белгісіз себептермен отбасынан ажыраған ол туған балаларын 30 жылдан аса көрмеген. Редакция қызметкерлері қарияның қыздарына хабарласып көрді.
«Маған ол кісі керек емес, менің өз әкем бар. Құдайға шүкір, қазіргі әкем өте тамаша кісі. Өз әкем кішкентай кезімізде бізді тастап кеткен. Нағашы атамның қолында өскен қызбын. Сол кездегі барлық болған жағдай әлі күнге есімде. Қазіргі әкем мені оқытып, тоқытты. Оған алғысым шексіз. Ал өз әкемді көргім де, естігім де келмейді», — деді қызы.
Ал Тұрғынбек Шалбаев қыздарынан кешірім сұрап, өзінің өмір бойы қой баққанын айтты. Аталмыш оқиға желі қолданушыларының арасында қызу пікір тудырды.
«Қазір алимент төлемей жүргендер болашақта осылай отырасыңдар», «Не болды сонша? Алқаш емес, ауру емес өз қаны ғой», «Сауап болды, жас кезінде көмектеспеген әкенің қазір не керегі бар», «Қате бір жақтан болмайды, қате екі жақтан болады», «Қыздары дұрыс істеді», — деп жазды олар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






