«Алланың мейірімін сездім»: Дастан Оразбеков ерекше әсерімен бөлісті(ВИДЕО)

Ақпан 23, 2026 - 14:12
Ақпан 23, 2026 - 14:15
 0  3
«Алланың мейірімін сездім»: Дастан Оразбеков  ерекше әсерімен бөлісті(ВИДЕО)
Фото: Sadaq.kz. коллажы

Танымал әнші Дастан Оразбеков жақында ғана Мекке қаласына қажылық өтеуге барғаннан кейінгі сезімімен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Әнші әсерін видео арқылы жеткізіп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 
 
"Ләббәйкә дұғасын айта бастаған кезде менің ішімде сондай бір толқыныс, ерекше бір сезімге тап болдым. Кішкене көзге жас алып, бір іштей сондай бір сезім пайда болды. Аллаға жасаған құлшылығымның сондай бір Алланың мейірімі шексіз екенін сезініп, дәл сол жерде соның барына сендім. Бір үлкен ақиқат. Кейде пенде болған соң күмәнданасың ғой. Дәл сол кезде барлық күмәннің шайылып кеткендей, Алланың тура алдына келіп тұрғандай сезімде болады екенсің. Барша Мұсылмандарға Меккеге баруды нәсіп етсін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын", - деді әнші. 

Желі қолданушылары әншінің жүрек жарды мәлімдемесін жылы қабылдап, Қажылығының қабыл болуын тіледі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0