Алматы әкімдігі даудан кейін Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыс етті

Бүгін Алматы қаласында 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды saDaq.kz.
Қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсеткен бес спортшыға тұрғын үй кілттерін табыстады.
Спорттық гимнастикадан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов екі бөлмелі пәтерге ие болды. Қола жүлде иегерлері – боксшы Назым Қызайбай мен нысана көздеуден Ислам Сатпаев бір бөлмелі пәтер алды.
Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен нысана көздеуші Александра Ле қазіргі таңда оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарда жүр. Олардың пәтер кілттері Алматыға оралған соң табысталады.
Бұған дейін, 2024 жылғы 20 тамызда, қала әкімдігінде өткен кездесуде спортшыларға тұрғын үй сертификаттары, 5 және 4 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақылар, сондай-ақ жаңа автокөлік кілттері табысталған болатын. Сонымен қатар, Нариман Құрбановқа демеушілер есебінен тағы бір пәтер сыйға берілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






