Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті
Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысы аумағында EC-145 әскери тікұшағының жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады.
Кейін бұл ақпаратты қорғаныс министрлігінің әуе қорғаныс күштері растап, арнайы мәлімдеме жасады.
"2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды. Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетін болады", - делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.
Бұдан дейін оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.
Әлеуметтік желілерде Алматы облысы аумағында EC-145 әскери тікұшағының жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. 2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды. Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетін болады, - делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.
Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






