Алматы облысында әйелін ұрып-соққан ер адам шақыртуға келген полицейлерге оқ атты

Полицейлердің бірі оқ жарақатымен ауруханаға түсті.

Сәуір 18, 2024 - 18:00
Сәуір 18, 2024 - 21:01
Алматы облысында әйелін ұрып-соққан ер адам шақыртуға келген полицейлерге оқ атты
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында күйеуінен таяқ жеген әйел үйіне полиция шақырған. Ер адам тәртіп сақшыларына да бағынбай, полицейлерге қарсы оқ атқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт 2024 жылдың 17 сәуірінде тіркелген.

«Алматы облысына қарасты елдімекендерінің бірінде атыс қаруынан белгісіз ер адам Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік полиция инспекторына оқ атқан. Салдарынан полиция қызметкерінің қолына оқ тиіп, жараланды. Жергілікті күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді», - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, ер адамның мас болғаны, қолданған тегіс ұңғылы мылтығының атына тіркелгені де нақтыланады.

«Ұсталған күдіктінің іс-әрекеті құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтиды. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow