Алматы облысында бірнеше елді мекенді жалғастыратын екі көпір қирады
Алматы облысындағы Талғар және Түрген өзендері арқылы өтетін көпірлер қирады, деп хабарлайы sadaq.kz.
Осыдан 2-3 жыл бұрын бұл көпірлер апатты деп танылған. Оны пайдалануға болмайтыны туралы сараптама да шыққан. Ал осы жолы селдің суы тіпті бүлдірген. Бұл объектілерге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған.
"Талғар өзені арқылы өтетін көпір жобасының құны 1 413,178 млн теңге, іске асыру ұзақтығы-6 ай. Түрген өзені арқылы өтетін көпір 674,511 млн теңге, іске асыру ұзақтығы – 5 ай", - дейді Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі.
Биылғы жылға көпір құрылысын реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру көзделген:
Талғар өзені арқылы өтетін көпір 400 млн теңге; Түрген өзені арқылы өтетін көпір 200 млн теңге. 25 маусымда конкурс жеңімпаздары анықталды.
Қазіргі уақытта олармен шарт жасасу кезеңі жүзеге асырылуда, дейді әкімдік. Мердігер ұйымдармен шарт жасалғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Ол биыл III тоқсанда жүзеге аспақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0