Алматы облысында жер үй өртеніп, анасы мен сәбиі тірідей жанып кетті

Қазан 1, 2025 - 14:57
Қазан 1, 2025 - 15:16
Алматы облысында жер үй өртеніп, анасы мен сәбиі тірідей жанып кетті
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 1 қазанда, Алматы облысы Іле ауданы Кенен Әзірбаев ауылында үш жеке тұрғын үйде және оларға іргелес шаруашылық құрылыстарында өрт шықты.

Өрт тұтанғаны туралы хабар кеш түскен. Өрт жайылып үлгерген.

«Өртті сөндіруді жоғары температура, қатты түтін және құрылыс нысандарының ерекшелігі (қаңқалы-қамысты үй) қиындатты. Сондай-ақ тар өткелдер, тығыз салынған құрылыстар қосымша қиындық туғызды, ғимараттар арасындағы арақашықтық небәрі 1,5–2 метрді құрады. Өрт орнынан екі адамның мәйіті табылды. Бір адам күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді ведомствода.

Өрт жалпы 448 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Сөндіру барысында жану аймағынан төрт газ баллоны шығарылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow