Алматы облысында қабаған ит баланың құлағын жұлып алған (ФОТО)

Шілде 1, 2025 - 11:12
Алматы облысында қабаған ит баланың құлағын жұлып алған (ФОТО)
Фото: istockphoto.com

Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында үш төбет: бір питбуль мен екі ротвейлер 10 жастағы балаға шабуыл жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Иттер жеке аумақтан шығып кетіп, көшеде келе жатқан баланы жүргіншілердің көз алдында талап тастаған. Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам араша түсіп, зорға дегенде баланы құтқарып қалған. Бала ауыр жарақат алған: бір құлағы жұлынып, денесі тістелген. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Баланы құтқару кезінде жергілікті тұрғындардың бірі питбулді атып өлтіруге мәжбүр болған. Иттердің иесі өз кінәсін мойындамай отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow