Алматы облысында сот залынан қашқан күдікті ұсталды

Сәуір 15, 2025 - 09:32
Алматы облысында сот залынан қашқан күдікті ұсталды
Фото: ПД

1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысының полициясы.

Іздестіру шаралары басталған сәттен облыс полициясы және Ұлттық ұлан күштері толық жұмылдырылды. Көршілес облыстардың аумақтық бөлімшелері де іздеу жұмыстарына тартылды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде қашқынның қозғалу бағыты анықталып, полицейлер оның жасырынған жерін тапты. Арнайы бөлім сарбаздарының күшімен күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Алматы облысының полициясы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow