Алматыда су тасқыны болуы мүмкін

Ағаштар мен электр сымдары құлауы мүмкін.

Сәуір 25, 2024 - 12:06
Сәуір 25, 2024 - 12:07
Алматыда су тасқыны болуы мүмкін

24-28 сәуір аралығында Алматыда ұзаққа созылған жаңбыр жауады, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл күндері ауа температурасы күндіз +13°C-тан +25°C-қа дейін, түнде +7°C-ден +12°C-қа дейін өзгереді. 25 сәуірде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Әкімдік 52 жедел мобильді топтың кезекшілікте екенін, қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар бар екенін хабарлады. Жауын-шашын кезінде тәулік ішінде 465 техника, 28 мотопомпа және 810 жол жұмысшысы жұмыс істейді. Түнгі уақытта жұмысқа 215 жұмысшы мен 236 техника қатысады.

Жұмысшылар күн сайын арық желілері мен арық өткелдерін тазартады, сонымен қатар 250 м³ тұнбалар мен қоқыстарды шығарады, деп атап өтті әкімдік.

Билік ауа-райы нашарласа, ағаштар мен электр сымдары құлауы мүмкін болғандықтан, көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес берді. Сондай-ақ тауға барудан бас тарту керек екенін де ескертті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow