Алматы тұрғыны бір бөлмелі пәтерде 139 қоян асыраған

Маусым 24, 2025 - 12:44
Алматы тұрғыны бір бөлмелі пәтерде 139 қоян асыраған
Фото: Pixabay.com

Алматыда жалғызбасты әйел бір бөлмелі пәтерде 139 қоян асырап, көршілерінің мазасын қашырған. Көршілерінің сөзінше, үй қораға айналып, ауланы сасық иіс басып қалған, деп хабарлады sadaq.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Сасық иіске тұншыққан алматылықтар үш жылдан бері көрші әйелдің үй жануарларымен алысып келеді.

«Тазалық жоқ. Бәріміз ауырып жатырмыз. Мен өзім аллергия болдым. Жоғарғыда тұратындар астмамен ауырады. Балалар түгел ауру. Үш жылдан бері бәріміз ауырып қалдық. Үш жыл бойы сөйлестік. Бізден қашады. Есігін ашпайды», – деді тұрғын Сәуле Нұртазина.

«Аша алмаймыз, кіре алмаймыз. Сондай жағдайға жеттік. Кеше учаскелік кілті жоғалып, полицейді өзі шақырған екен. Біз ол жақта 15-30 қоян бар ма десек, екі тотықұсы бар, 139 қоян болған», – деді көршісі Гүлмира Дүйсебаева.

Сорақысы — қояндармен бірге олардың өлексесі де үйдің ішінде жатыр екен. Ақыры іске полицейлер араласып, қоян әкетілді. Ал әйел ауруханаға жөнелтілді. Оның үйке жүйесінде ақауы бар екен.

«Оқиға орнына барғанда аталған пәтерде үй жануарларының көп мөлшерде және тиісті талаптарға сай келмейтін жағдайда ұсталып жатқаны белгілі болды. Бұл жағдай санитария-эпидемиология қаупіне қатер төндірген. Әкімдік, медициналық қызмет өкілдері және еріктілердің қатысуымен кешенді жұмыс жүргізілді. Пәтер иесі медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды. Қояндар әкетілгенімен, иіс қалды. Енді арнайы мамандар алдағы уақытта пәтерге санитарлық тазарту жұмысын жүргізбек», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow