Алматыда 20 жастағы кикбоксшыны өлтіріп кетті

Желтоқсан 25, 2024 - 10:22
Желтоқсан 25, 2024 - 10:22
Алматыда 20 жастағы кикбоксшыны өлтіріп кетті

Желіде Алматыдағы Алатау даңғылының бойында әлдекімдердің жас жігітті пышақтап кеткені туралы ақпарат тараған еді. 

Ұзамай желі қолданушылары Наурызбай ауданындағы Алатау даңғылының бойында полиция көліктерінің жиналып, кептеліс пайда болғанын,  әлдекімдердің жол бойында жас жігітті пышақтап, өлтіріп кеткенін жаза бастады. 

Пышақ жарақатынан көз жұмған жігіттің 20 жастағы кикбоксшы Әли Серік екенін айтылды. 

«За нами уже выехали» телеграм парақшасының жазуынша, қаза тапқан спортшы кикбоксшы Әли Серік

Аталған жайтқа байланысты полиция депарламенті хабарлама таратты.

«20 жастағы азаматтың өлімі бойынша Наурызбай ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады», – деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған,

Полиция мәліметінше, таныстар арасында жанжал туындап, соның салдарынан олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыс құралы тәркіленген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow