Алматыда атыс болып, бір адам жараланды (ВИДЕО)

Мамыр 19, 2025 - 12:07
chat_bubble  0 visibility  97
Алматыда атыс болып, бір адам жараланды (ВИДЕО)
Фото: Pixabay.com

Алматыда травматикалық қарумен жасалған атыс оқиғасы тіркеліп, салдарынан бір адам жараланды. Оқиға Алатау ауданындағы мекемелердің бірінде болған, деп хабарлайды saDaq.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті — Жетісу облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан оқ атуға пайдаланылған травматикалық қару тәркіленген.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал бір-бірін танитын екі азаматтың арасында туындап, оның соңы атысқа ұласқан. Күдікті қарсыласының аяғына оқ атқан. Қазір оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр», — деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, қызу талқылануда. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0