Алматыда автобустағы жанжал төбелеске ұласып, жолаушы пышақ шығарған

Тамыз 21, 2026 - 12:06
app_badging Тамыз 21, 2026 - 12:11
chat_bubble  0 visibility  6
Алматыда автобустағы жанжал төбелеске ұласып, жолаушы пышақ шығарған

Алматыда қоғамдық көлікте жолаушылар арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға барысында қатысушылардың бірі пышағын шығарған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, автобуста ер адам кішкентай баласымен отырған әйелмен сөзге келген. Әйелді басқа жолаушы қорғап, араша түскен. Артынша екі ер адам арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан.

Оқиға кезінде автобусқа тағы бір ер адам кіріп, пышақ шығарған. Жанжалдың нақты неден басталғаны және оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомство әр қатысушының әрекетіне жеке құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

«Жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне принципті құқықтық баға беріледі. Мұндай агрессивті әрі қоғамға қауіпті әрекетке жол берілмейді. Кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады», – деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0