Алматыда белгісіз еркек автобуста бойжеткеннің жамбасын ұстаған (ВИДЕО)

Алматыда қоғамдық көлікте ер адамның қызға тиісу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz сайты.
Әлеуметтік желіде оқиға сәті түсірілген бейнежазба тарады. Кадрларда белгісіз еркектің бір қолымен қыздың жамбасын ұстап, еш қымсынбай тұрғаны көрінеді. Оқиғаға куә болған жолаушылар оны видеоға түсіргенімен, құқық бұзушы өзін түсіріп жатқанын байқап тұрса да, әрекетін тоқтатпаған.
Куәгерлердің айтуынша, жәбірленуші қыз қорқып, келесі аялдамадан түсіп қалған. Алайда ер адам мұнымен шектелмей, өзге жолаушы қызға да осындай әрекет жасаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






