Алматыда бойжеткеннің өлімінен кейін ағаштардың бұтақтары кесіліп жатыр

Тамыз 15, 2025 - 15:30
Тамыз 15, 2025 - 16:31
Алматыда бойжеткеннің өлімінен кейін ағаштардың бұтақтары кесіліп жатыр

Алматы қаласының Алмалы ауданында жазатайым оқиғадан кейін ағаш бұтақтары кесіліп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.

13 тамызда Алмалы ауданындағы Қарасай батыр мен Шәріпов көшелерінің қиылысында 27 жастағы қыздың үстіне ағаштың бұтағы құлаған. Өкінішке қарай ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Жазатайым оқиғадан кейін аудан аумағындағы ағаштардың құлауы мүмкін бұтақтарын кесу жұмысы басталған.

Алмалы ауданында күнделікті режимде ағаштарды санитарлық кесу жұмысы жүргізілуде. Биыл 30 мыңнан астам ағашты санитарлық кесу жоспарланған, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 20 мыңнан астамы өңделді. Ауданда күн сайын 10 мамандандырылған бригада жұмыс істейді. Жұмыс жоспарға сәйкес және тұрғындардың өтінішімен жүргізіледі, ал өтініштер басым тәртіппен қаралады, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Алматы әкімдігі қыздың өлімінен кейін "тексеру барысында бұтағы сынған ағаштың жасыл әрі қанағаттанарлық жағдайда екені анықталғанын" мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow