Алматыда қатты жарылыс болып, кейбір үйлерде жарық өшіп қалды
Алматыда 17 қарашада таңертең жергілікті тұрғындар Сайран көлі маңында жарылыс дыбысын естіген. Олардың айтуынша, сол сәтте пәтерлерде жарық өшіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Әуезов ауданының тұрғындары шамамен 9:00-де қатты дыбыс естіген.
"Қатты жарылыс болды. Қалада ұзақ уақыт жарық болмайтын сияқты", - дейді тұрғындар.ондай-ақ, Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесі қиылысында барлық бағдаршам бір мезетте өшіп қалғаны, соның салдарынан жолда кептеліс пайда болғаны айтылды.
ТЖД мәліметінше, сағат 8:53-те Өтеген батыр көшесінде трансформатор өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімдері жіберілді. 0,2 шаршы метр аумақта трансформатор қосалқы станциясы жанып жатқаны анықталды. Электр желісі қызметкерлері нысанды жарықтан ажыратты", - деді ТЖД өкілі.
Қазір электр энергиясы толық қалпына келтірілген.
Сіздің реакцияңыз қандай?