Алматыда «мектепке бомба қойдық» деп хабарлаған оқушылар ұсталды

Желтоқсан 25, 2025 - 09:54
 0  3
Алматыда «мектепке бомба қойдық» деп хабарлаған оқушылар ұсталды
Фото: istockphoto.com

Алматыда телефонмен бұзақылық жасаған мектеп оқушылары ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Алматыдағы №10 орта мектебінде оқитын үш жасөспірім білім беру мекемесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан. Олар мұны оқу процесін бұзу мақсатында жасағаны белгілі болды.

"Тексеру нәтижесінде хабарлама расталмады, қауіптің жалған екені анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімдердің бұл әрекетті саналы түрде жасағаны белгілі болды", - дейді полиция.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ретінде олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0