Алматыда тағы да атыс болды: полиция түсініктеме берді

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Желтоқсан 23, 2024 - 09:22
 0  71
Алматыда тағы да атыс болды: полиция түсініктеме берді
фото: видеодан скриншот

Алматыдағы 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақ маңында атыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, оқиға бүгін, 22 желтоқсан күні таңғы сағат 4.34 шамасында болған. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған ақпаратты растап, түсініктеме берді.

«Медеу аудандық полиция басқармасы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр»,– деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0