Алматыда жауын салдарынан 20-дан астам көлік жер астына түсіп кетті (ВИДЕО)
Жұмысқа жедел қызмет өкілдері мен арнайы техника тартылған.

Бүгінгі жауын-шашын оңтүстік астана тұрғындарын сарсаңға салды. Нөсер жауыннан кейін көшелер мен аулаларды су басып, оларды үлкен шалшыққа айналдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қала орталығындағы арықтар су тасқынын өткізе алмады. Соның салдарынан көшелерде су жиналып, жол жабындысы опырылды. Бірқатар көшелерде көлік кептелісі бірнеше шақырымға созылды. Қала тұрғыны түсірген бейнежазбада Аманжол көшесінің едәуір бөлігі қирап қалғаны көрінеді.
Куәгерлердің айтуынша, 20-дан астам автокөлік жер астына түсіп кеткен. Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі Ауэзов ауданында қалпына келтіру жұмыстары басталғанын хабарлады. Жұмысқа жедел қызмет өкілдері мен арнайы техника тартылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






