Алматыда жүргізушілерге екі ай бұрынғы айыппұлдар келіп жатыр

Желтоқсан 19, 2024 - 23:16
Желтоқсан 19, 2024 - 23:17
Алматыда жүргізушілерге екі ай бұрынғы айыппұлдар келіп жатыр

Алматыда жүргізушілер "Сергек" камералары қазанда тіркеген ЖҚЕ бұзу деректері бойынша айыппұлдар ала бастағанын хабарлады. Қаланың Полиция департаменті бұл жағдайдың себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, ӘҚБтК нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі айды құрайды.

"Егер адам айыппұл туралы тиісті түрде хабарланса, екі ай ішінде келіп түскен төлем туралы нұсқама міндетті түрде орындалуы тиіс. Егер азаматтарға автоматты камералар тіркеген айыппұлдар туралы хабарламалар көрсетілген мерзім өткеннен кейін келсе, олар бұл нұсқаманы Алматы полиция департаментіне шағымдана алады", - деп түсіндірді ведомство.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow