Алматыдағы 12 жастағы бала өліміне қатысты тың дерек шықты

Маусым 15, 2026 - 12:47
chat_bubble  0 visibility  2
Алматыдағы 12 жастағы бала өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: әлеуметтік желі

Алматыда 12 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты dalanews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, Түрксіб ауданында болған қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тәжірибелі тергеушілер мен жедел қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Қазір оқиға орны мен оған жақын аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбалары, сондай-ақ іске қатысы болуы мүмкін өзге де цифрлық материалдар зерттеліп жатыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, тергеу барысында барлық ықтимал нұсқалар мен жорамалдар тексерілуде.

«Оқиға орны мен оған іргелес аумақтардағы бейнежазбалар, сондай-ақ жағдайдың толық көрінісін қалпына келтіруге көмектесетін өзге де цифрлық деректер қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Қазіргі уақытта барлық нұсқалар мұқият қарастырылып жатыр», – деді ол.

Алдын ала деректерге сәйкес, ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған. Ол ұсталып, мамандандырылған арнайы мекемеге орналастырылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, екі жасөспірімнің арасында бұған дейін өзара келіспеушілік болған. Жанжалдың соңы пышақ қолданылған қайғылы оқиғаға ұласқан.

Салтанат Әзірбек қолда бар бейнежазбалар мен хат алмасуларға сүйенсек, қаза тапқан баланың күдіктінің тұрғылықты жеріне арадағы мәселені талқылау үшін барғаны алдын ала анықталғанын айтты.

Сондай-ақ полиция өкілі жәбірленуші тарапқа тергеу барысы мен істің мән-жайы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 12 жастағы мектеп оқушысының көптеген пышақ жарақатынан көз жұмғаны хабарланған болатын. Аталған іс бойынша 13 жастағы жасөспірім күдікке ілінген. Марқұмның туыстары күдіктінің кәмелетке толмағанына байланысты заң алдында толық жауапкершілікке тартылмай қалуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0