Алматыдағы барахолка базарынан ірі өрт шықты

Наурыз 12, 2026 - 12:40
chat_bubble  0 visibility  1
Алматыдағы барахолка базарынан ірі өрт шықты
Фото: ТЖМ

Алматы қаласындағы барахолка аумағында орналасқан қойма өртеніп кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт Алатау ауданының Шапағат шағын ауданындағы Шоссейная көшесінде болды. Өрт сөндірушілер келгенде ашық от шарпығаны көрінді.

«Төтенше жағдай қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында кәсіпкерлердің мүліктерінің айтарлықтай бөлігі сақталды», – делінген хабарламада.

Өрт шамамен жарты сағатта толық сөндірілді. Өрт шыққан алаң шамамен 200 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0