Алматыдағы жол апаты: Бірнеше шенді қызметінен қуылды

Наурыз 26, 2026 - 23:20
 0  15
Алматыдағы жол апаты: Бірнеше шенді қызметінен қуылды
Фото: t.me/kris_p_almaty_kz

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеді, деп жазады Sadaq.kz.

Алматы қаласында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасына байланысты құқық қорғау органдарында кадрлық өзгерістер орын алды.

Оның айтуынша, аталған оқиғаға байланысты Полиция департаментінің бірқатар басшылары қызметінен босатылған.

Сонымен қатар, өзге де заң бұзушылық белгілеріне қатысты қылмыстық істер қозғалған. Министр барлық әрекеттерге құқықтық баға берілетінін атап өтіп, жауапкершіліктен ешкім жалтара алмайтынын жеткізді.

– Заң бәріне ортақ, әрбір дерек жан-жақты тексеріліп, тиісті шешім қабылданады, – деді ведомство басшысы.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0