Алматылық әйел өзін спорт шебері ұрды деп айыптап отыр
Алматы тұрғыны өзін су добы шебері Алан Оразалинов ұрып-соққанын және бұл іске қатысты тергеуші жарты жылдан бері ешқандай шара қолданбай отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, шамамен жарты жыл бұрын әйел өзіне жасалған шабуылдан орташа дәрежедегі жарақат алған.
Жәбірленушінің айтуынша, тергеуші күдіктіден жауап алмаған және жарақаттанған саусақтың сараптама нәтижелерін іс материалдарына енгізуден бас тартқан. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, Оразалинов 16 қазанда оның көлігіне оқ атқан көрінеді.
"Бостандық аудандық полиция денсаулыққа зақым келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел тергеу шаралар кешені жүргізіліп жатыр, нәтижесінде кінәлі жауапкершілікке тартылады. Іс материалдары сотқа жіберіледі", - деп хабарлады полиция департаменті.
Алайда полиция шабуыл жасаған адамның кім екенін растаған жоқ.
Айта кетейік, Алан Оразалинов - Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, су добынан еңбек сіңірген жаттықтырушы Асқар Оразалиновтің ұлы. Ал Асқар Оразалинов Қазақстан құрамасымен бірге Азия ойындарында үш рет жеңімпаз атанған.
Сіздің реакцияңыз қандай?