Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев тағы бір қызметінен босатылды

Сәуір 2, 2026 - 10:06
app_badging Сәуір 2, 2026 - 10:07
chat_bubble  0 visibility  18
Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев тағы бір қызметінен босатылды
Фото: Gov.kz

Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі құрамынан да шығарылды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы Қаржылық есептілік депозитарийі сайтында жарияланған құжатта көрсетілген. Құжатқа сәйкес, қордың жалғыз акционері Досаевты директорлар кеңесінен шығару туралы шешім қабылдаған.

Аталған шешім 2026 жылғы 25 наурызда бекітілген. Қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамында алты адам бар. Олардың қатарында Олжас Бектенов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов және Мұхаммед Жәмил әл Рамахи бар.

Айта кетейік, дәл осы күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0