«Алтын қыздар»: Қазақстан каратэшілері қос алтын әкеліп, үздік үштікке енді (ВИДЕО)

Қаңтар 26, 2026 - 11:34
Қаңтар 26, 2026 - 11:50
 0  14
«Алтын қыздар»: Қазақстан каратэшілері қос алтын әкеліп, үздік үштікке енді (ВИДЕО)
Фото: @kaz_karateofficial

Түркия төрінде каратэден ең беделді Премьер-лига турнирі аяқталды. Бұл жарысқа әлемдік рейтингтегі ең мықты ТОП-32 спортшы ғана қатысты. Қазақстан намысын 13 батырымыз қорғап, соның ішінде екі аруымыз алтынмен апталып қайтты.

Турнирдің шымылдығын -55 кг салмақтағы Бэлла Самашева ашты. Ол финалда словакиялық Нина Квасниковамен кездесіп, тактикалық шеберлігінің арқасында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Көп күттірмей Олимпиада жұлдызымыз Софья Берульцева (+68 кг) Непал өкілі Арика Гурунгты ұтып, екінші алтынды қоржынға салды.


Осы екі алтынның арқасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте
3-орынға табан тіреді. Біз каратэнің отаны саналатын Жапонияны артқа тастап, тек Мысыр мен Түркияға ғана жол бердік.

Жалпыкомандалық есеп:

Мысыр

2 алтын

3 күміс

1 қола

Түркия

2 алтын

2 күміс

Қазақстан

2 алтын

Жапония

1 алтын

2 күміс

6 қола

Бұл туралы Kazsports.kz порталына сілтеме жасай отырып Sadaq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0