Анасы 12 жастағы қызын адам жалдап өлтіртпек болды

Ресейдің Челябі облысындағы Измайловский ауылында адам сенгісіз оқиға болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
46 жастағы әйел өзінің 12 жастағы қызын тәртіпсіздігі үшін өлтіртпек болған.
Бұл туралы SHOT дереккөзі хабарлады. Аталған мәліметке сәйкес, Кизильский ауданының тұрғыны 36 жастағы танысын үйіне қонаққа шақырып, одан қызының тәртібінен шаршағанын айтып, оны өлтіруді сұраған. Әйел танысына қызын жергілікті Большая Караганка өзеніне батырып жіберу үшін 100 мың рубль ұсынған.
Алайда азамат бұл сұмдық ұсыныстан шошып, төртінші сыныпта оқитын қызды өз үйіне жасырып, полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары баланы аман алып қалып, әйелді дереу қамауға алды. Қазір оның үстінен кәмелетке толмаған адамды өлтіруге арандату және қылмысты жалдамалы жолмен жүзеге асыруға тырысу бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Енді анасына 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдай қоғамды дүр сілкіндіріп, ата-аналардың балаларына деген жауапкершілігі мен психологиялық жай-күйі туралы үлкен сауал тудырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






