Анасы терезеден лақтырып жіберген бала ауруханадан шықты
34 жастағы әйел алдымен екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секірген.

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген жеті жастағы бала бір айлық емнен кейін ауруханадан шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.
Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, баланың жағдайы қанағаттанарлық, оң динамика байқалады. Дәрігерлер оған бір ай бойы қатаң төсек режимін сақтауды және тұрғылықты жері бойынша бір жылға дейін оңалту курсынан өтуді ұсынды.
Қайғылы оқиға 30 шілдеде Павлодардағы көпқабатты үйде болған.
34 жастағы әйел алдымен екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секірген. Салдарынан кіші бала көз жұмды, ал жеті жасар бала ауыр жарақатпен аман қалды.
Полиция дерегінше, зардап шеккендер подъездің қалқалағышына құлаған.
Айта кетейік, әйел арнайы медициналық мекемеде есепте тұрған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде, есін жиған және сынықтарына байланысты ота жасалған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






