Анасына пышақ сұққан қазақстандық Вьетнамнан экстрадицияланды

Тамыз 12, 2026 - 11:23
chat_bubble  0 visibility  6
Анасына пышақ сұққан қазақстандық Вьетнамнан экстрадицияланды
фото: видеодан скриншот

Вьетнамнан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталған ер адам экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Оқиға өткен жылы қарашада болған. Күдікті үйінде алкогольдік масаң күйде анасымен жанжалдасып, пышақпен бірнеше рет соққы жасаған.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды", - дейді прокуратура.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды.

Содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0