Әнші Ернар Айдар жол ережесін бұзып, үш бап бойынша жауапқа тартылды
Әлеуметтік желіде әнші Ернар Айдар жол қозғалыс ережесін бұзып, оны желіге жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Видеода Ернар Айдар жолдың дәл ортасында жаңа сатып алған көлігін көрсетіп, ережелерді өрескел бұзған.
«Азамат А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілерімен немесе жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін, сондай-ақ жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін
құқық бұзушыға айыппұл салынды»,– деп хабарлады полиция.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0