Әнші Qarakesek-ке сот үкімі шықты

Ақпан 19, 2026 - 20:56
 0  0
Әнші Qarakesek-ке сот үкімі шықты
Ақтөбеде Qarakesek сахналық атымен белгілі рэпер Омар Амантаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz. 
 
Ол сотта есірткіні заңсыз сақтағанын мойындады. Кеше сот отырысына келмегендіктен, бүгін оны полиция қызметкерлері мәжбүрлеп жеткізген.

Сот Амантаевты психотроптық заттарды сату мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды.

Оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалып, психиатрдың бақылауында мәжбүрлі ем қабылдау міндеттелді. Сондай-ақ ол пробация қызметінің есебіне қойылады. Егер қоғамдық жұмыстардан жалтарса, өтелмеген сағаттар қамауға алмастыруы мүмкін.

Өткен жылдың тамыз айында рэпер есірткілік мас күйінде көлік тізгіндеп жүрген жерінен ұсталған. Тексеру кезінде оның жанынан 0,26 грамм мефедрон табылған. Сараптама бұл заттың есірткі екенін растаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0