«Әншілер хабарласып, видеоны өшіруімді сұрап жатыр»: Жан Ахмадиев Мұқасан Шахзадаевтың қысым жасап жатқанын айтты
Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев танымал әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаевқа өз позициясын ашық білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Белсендінің айтуынша, жарияланған видео көпшіліктің назарын аударып, бірқатар әншілер оған хабарласып, жазбаны өшіруді сұраған. Алайда Ахмадиев бұл өтінішке келіспейтінін мәлімдеді.
«Кешегі жазбамнан кейін біраз әншілер хабарласып, видеоны өшіруді сұрап жатыр. Мұқасан аға, араға адам салуды доғарыңыз. Видеоны өшірмеймін, себебі жәбірленушінің алдында жауапкершілігім бар. Одан да Ғалымжанға хабарласып, кешірім сұраңыз. Әйтпесе, жазаңыз ауырлап кетеді. Біз соңына дейін барамыз», – деді Жан Ахмадиев.
Сіздің реакцияңыз қандай?