«Артында жеті баласы қалды»: Маңғыстау облысында ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

Қаңтар 30, 2026 - 12:01
 0  23
«Артында жеті баласы қалды»: Маңғыстау облысында ер адам  әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: pixabay.com

Маңғыстау облысы Қызылсай ауылында 43 жастағы ер адам өз әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні кешкі уақытта болған. Мәлімет бойынша, жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туындап, соңы өліммен аяқталды. Желідегі ақпаратқа сәйкес, ерлі-зайыптының 7 баласы бар.

«29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 44 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0