«Асанәлі Әшімовтің ұрпағы қарғыстан құрыған»: танымал блогер аңдамай сөйлеп, сынға қалды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде блогер Ұлдана Жиенқұл қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімов туралы даулы пікір айтып, жұрттың наразылығын тудырды, деп жазады Sn.kz.
Блогердің айтуынша, «Қыз Жібек» фильмінде Бекежанның рөлін сомдаған актердің «баласыз қалуы» халықтың қарғысымен байланысты. Ол бұл ойды актердің өз сөздеріне сүйенгендей жеткізіп, қазақтың "тұқымыңмен бірге құрып кет" деген қарғысты сөзін мысалға келтірген.
Алайда бұл мәлімдеме желі қолданушыларының ашуын туғызды. Көпшілік блогердің сөзін орынсыз әрі әдепсіз деп бағалап, қатаң сынға алды.
Пікір қалдырғандар арасында:
"Көргенсіздік! Мұндай сөзге заңмен шара қолдану керек", "Қасиетті тұлғаның өмірін талдайтындай бұл кім өзі?", "Бұл – кино рөлі ғана, шын өмірмен шатастырмау керек", "Асанәлі Әшімовтің Олжас есімді ұлы бар, Сағидың да ұрпағы бар. Демек, тұқымы үзілген жоқ", – деген пікірлер жиі кездесті.
Желі қолданушылары аңыз тұлғаға қатысты мұндай ауыр сөз айту қоғамдық жауапкершілікке қайшы екенін айтып, блогерлердің айтқан әр сөзіне жауап беруі тиіс екенін атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0