«Асаруме халықтан жиналған 16 млн-ның 7 млн-на ғана үй алып берді» — Жалғызбасты әке

Саят есімді жалғысбасты әке Qazaq Airan каналына сұхбат берді.

Желтоқсан 4, 2024 - 09:45
«Асаруме халықтан жиналған 16 млн-ның 7 млн-на ғана үй алып берді» — Жалғызбасты әке
фото: видеодан скриншот

Елімізде жалғызбасты әкелердің саны 70 мыңнан асады , деп хабарлады turkystan.kz.

Саят есімді жалғысбасты әке Qazaq Airan каналына сұхбат берді. Оның айтуынша, әйелі алты баласынын тастап кеткен. Қазіргі таңда балалардың жәрдемақысын да аналары алады екен.

«Асаруме деген бізге үй алып берген. Халықтан ақша жинады. Жалпы сомасы 16 млн теңге жиналды. Соның 7 млн-на бізге үй алып берді. Сөйтіп біз Қосөзен жақта тұрдық. Жақын жерден бұндай бағаға үй таппадық. Сол үйге көшкеннен кейін қаңғыруды бастады. Сол үйде тұрып жаттық. Жиі кетіп қалады, қаңғырады. Газбен жылыту құбыры жоқ. Тұрғым келмейді, дегенді шығарды. Содан келісіп, үйді айына 100 мың теңгеге бөліп төлеуге бердік. Айына алатын ақшасын өзі жаратып жүрді. Дүкеннен көргенін ала беретін. Сонымен қарызға баттық. Үйдің ақшасын соған бердік», — деп жылап сөзін қайырды жалғызбасты әке.

Ал мұқтаж отбасыға үй алып берген «Асаруме» қоры жиналған қаражатты барлық отбасыға теңдей бөлетінін жеткізді.

«Саятты жақсы білеміз. 2021 жылғы ақпанда біз оның таңдаған үйін сатып алдық, ол сол кездегі тұрып жатқан жерінен салыстырмалы түрде алыс емес жерде орналасқан болатын. Саят та, біздің оқырман да сол кезде облыстарда 7 млн теңгеге үйлер сатып алғанымызды біледі, қазіргі уақытта біз қаражат шамамен өсті. Қалған 7 млн теңгеге біз басқа отбасыға үй сатып алдық, ал артық қаражат осындай жағдайда келесі отбасыларға бөлінеді. Жиналған қаражат әрқашан бірнеше отбасы арасында бөлінеді, және әр отбасы бұл туралы алдын ала хабардар болып, келісім береді. Бұл ереже қорымыздың құрылғанынан бері, яғни 5 жылдан бері қолданыста», — деді қордың әлеуметтік желідегі парақшасы жазған пікірінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow