«Ашу үстінде жаздым»: Депутат Самат Нұртаза қазақ тілі туралы пікірін түсіндірді

Ақпан 14, 2026 - 17:33
 0  0
«Ашу үстінде жаздым»: Депутат Самат Нұртаза қазақ тілі туралы пікірін түсіндірді
Фото: Самат Нұртазаның жеке мұрағатынан

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желілерде резонанс тудырған қазақ тілі туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады Sadaq.kz.

Желіде депутаттың «қазақ тілі — кедейлердің, сіңірлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі» деп жазған пікірі кеңінен тарап, қоғам наразылығын тудырды. 

Аталған мәліметтің анық-қанығын депутаттың өзі түсіндірді. Самат Нұртаза бұл жазбаның бірнеше жыл бұрын жазылғанын растап, оның мән-жайын былай деп айтты:

«Бұл пікірді мен 2019–2020 жылдары эмоцияға беріліп, ашу үстінде және сарказммен жазған болатынмын. Біреулер бұл сөзді контекстен жұлып алып, мағынасын бұрмалаған. Бұл скриншот жыл сайын дерлік қайта шығып отырады», деді ол. 

Сонымен қатар халық қалаулысы осы мәселеге байланысты бүгін ресми мәлімдеме жариялауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0