«Асыл домбыра» иегерлері анықталды
Финалда Түркістан облысы командасынан басым түскен Жетісу облысының ақындар құрамасы топ жарды.
Төрт ай бойы «Хабар» арнасынан көрсетілген «Асыл домбыра» тележобасының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Финалда Түркістан облысы командасынан басым түскен Жетісу облысының ақындар құрамасы топ жарды. Құрамына Дидар Өмірәлі, Аят Жәнібек, Мирас Шалжанов кірген Жетісу облысы командасына асыл тастармен көмкерілген домбыра мен 6 млн. теңгенің сертификаты табысталды.
Айта кетейік, «Асыл домбыра» жобасына биыл барлық өңірден 16 команда қатысты. Жобада от ауызды, орақ тілді суырып салма 48 ақын сөз жарысын қыздырды.
Бұған дейін аталған тележобада Жамбыл облысы мен БҚО құрамалары топ жарған еді.
Фото: хабар
Сіздің реакцияңыз қандай?