Астана аспанында әскери жойғыш ұшақтар ұшады

Қараша 23, 2024 - 14:02
 0  33
Астана аспанында әскери жойғыш ұшақтар ұшады
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

23-24 қараша күндері Астананың аспанында әскери жойғыш ұшақтар ұшады. Қазақстанның қарулы күштерінің хабарлауынша, бұл – оқу-жаттығу шарасы. Арнайы түтін шлейфтерін көрсетуге бағытталмақ, деп жазады Sadaq.kz.

«Ұшақтар қауіпсіз биіктікте ұшады. Қала өмірінің әдеттегі ырғағын бұзбайды», – деп хабарлады Астана әкімдігі.

Құзырлы органдардың мәліметінше, бұл оқу-жаттығу барысында ұшудың қауіпсіздік шаралары қатаң сақталмақ. Сондықтан тұрғындар үшін ешқандай қауіп-қатер төндірмейді.

«Қолданылған түтін қоршаған ортаға, экологияға ешқандай зиян келтірмейді», – деп хабарлайды әскерилер.

Айта кететін жайт, қоғамдық-саяси іс-шаралар кезінде Астана тұрғындары әуеден әскери ұшақтарды жиі көріп жүр. Тамыз айында Су-30СМ ұшақтары ұшқан еді. Мемлекеттік күзет қызметі, ол кезде бұл ұшақтардың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін ұшырылғанын хабарлаған-ды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өткен кезде де елорда аспанын әскери ұшақтар күзетті. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0