«Астана» буксирі аударылып, төрт адам іздестіріліп жатыр
Бортында бес экипаж мүшесі болған «Астана» буксирі Румынияның Мидия портында аударылып, су түбіне кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz. turkistan.kz-ке сілтеме жасап.
Кеме жағалаудан сегіз шақырым қашықтықта болған. Кеме Маршалл аралдарының туы астында жүзген Amades танкерін айлаққа байлауға көмек көрсетіп жатқан.
Құтқару операциясы барысында бір теңізшіні судан шығарып алу мүмкін болды. Алайда дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Қазіргі уақытта акваторияда тағы төрт адамды іздеу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер, жедел жәрдем бригадалары және Румыния Әскери-теңіз күштерінің арнайы қызметтері жұмылдырылған.
Әскери ведомство өкілдері хабар-ошарсыз кеткен экипаж мүшелері кеменің кенеттен аударылуы салдарынан қаза тапқан болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0