Астана халқы 1,7 миллионнан асты

Қазан 2, 2026 - 14:18
app_badging Қазан 2, 2026 - 14:44
chat_bubble  0 visibility  3
Астана халқы 1,7 миллионнан асты
Фото: istockphoto.com

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Астанада 1 700 385 адам тұрады.. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Тек тамыз айының өзінде елорда тұрғындарының саны 9 780 адамға артқан. Ал жыл басынан бері Астана халқы 61 209 адамға көбейген. Жалпы, 1 қыркүйекте Қазақстан халқының саны 20 618 796 адамға жетті.

Жыл басында бұл көрсеткіш 20 499 822 адам болған. Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген. Екінші орында – 2 142 709 тұрғыны бар Түркістан облысы. Бір айда Алматы халқы 8 мыңнан астам адамға көбейген.

Ал Түркістан облысында тұрғындар саны 2 мыңнан астам адамға азайған.

Тұрғыны 1 миллионнан асатын өңірлер: Алматы облысы – 1 615 631 адам;

Шымкент қаласы – 1 316 888 адам;

Жамбыл облысы – 1 210 084 адам;

Қарағанды облысы – 1 130 123 адам.

Халқы ең аз өңір – Ұлытау облысы.

Мұнда 217 274 адам тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында 510 756, Абай облысында 590 702 тұрғын бар. Ал ауыл халқының саны 7 382 755 адамды құрады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0